қазақша · русский · english
 
 
 
12.01.2026

05.01.2026 - 09.01.2026 ж.ж. аралығындағы өткен қысқы мектеп бойынша


5-9 қаңтар аралығында Өнер факультетінде (ӨФ №2 оқу ғимараты, Ш.Уәлиханов 64А, 7-аудитория) профессор-оқытушылар құрамы мен жауапты мамандарға арналған «Қысқы мектеп» ұйымдастырылды. Іс-шара күн сайын 10:00-13:00 аралығында өтті.


5 қаңтар күні «Қысқы мектептің» ашылу салтанаты өтіп, Пединновациялар және Action Research орталығының өкілі Гүлназ Хамидоллақызы және факультет менторлары қатысушыларға бағдарламаның мақсаты мен жұмыс тәртібін таныстырды. Сол күні педагогикалық мамандықтағы бітіруші курс студенттерінің дипломдық жұмыстары/жобаларын Action Research және Lesson Study форматында орындаудың әдістемесі мен негізгі талаптары түсіндірілді. Ментор-зерттеушілер: Әбішeва О.Т., Қакимова Л.Ш., Сұлтанғұбиев А.


6 қаңтар күні аталған бағыт жалғасып, дипломдық жобаларды зерттеу форматында құрылымдау, дәлелді деректер жинау және нәтижені рәсімдеу талаптары нақтыланды. Сонымен қатар 06.01.2026 ж. Өнер факультетінің деканы Байқұтов Кәрім Әлімханұлы профессор-оқытушылар құрамына «Өнерде Design Thinking және Action Research» тақырыбында дәріс оқып, өнер біліміндегі жаңашыл тәсілдердің қолданылу логикасын және тәжірибеге енгізу қадамдарын көрсетті. Аталған дәрістің мазмұны ИРН AP25796905 - «Design Thinking тәсілін қолдану арқылы көркем білімдегі қазақ мифологиясы мен гравюрасын модификациялау» ғылыми жобасын жүзеге асырумен тығыз байланысты.


8-9 қаңтар күндері университеттің академиялық процестерін жаңартудың заманауи тәсілдері мен құралдары қарастырылды:
8 қаңтар - жаңарту тәсілдері мен құралдары бойынша мазмұндық бөлім;
9 қаңтар - практикалық жұмыс (әдістерді қолдану, талқылау, нақтылау).


Осы 8-9 қаңтар күндері атқарылған практикалық жұмыс аясында пәндер бойынша силлабустар университет бекіткен жаңа форматқа сәйкестендірілді: пәннің мақсаты мен күтілетін оқу нәтижелері нақтыланып, тақырыптық жоспар мен тапсырмалар жүйелендірілді. Бағалау саясаты (критерий, рубрика, пайыздық үлес), академиялық адалдық талаптары және қолданылатын цифрлық құралдар көрсетіліп, әдебиеттер тізімі жаңартылды. Түзетілген силлабустар кафедра деңгейінде қайта қаралып, бекітуге ұсынылды.
Спикерлер: Кожагулов А.Т., Ибраева К.Е., Рабилова З.Ж., Стамбекова Ж.К.


Қорытынды нәтижелер:
дипломдық жұмыс/жобаларды Action Research және Lesson Study форматында орындаудың негізгі талаптары біріздендірілді;
кафедралар мен жетекшілер үшін менторлық қолдау бағыты айқындалды;
академиялық процестерді жаңғыртуға қатысты практикалық ұсыныстар талқыланып, енгізу бағыттары белгіленді.

 

  alt=  

  alt=  

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу