қазақша · русский · english
 
 
 
26.01.2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

2026 жылғы 23-24 қаңтар күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде педагогика ғылымдарының докторы, өнер профессоры, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергеновтің 60 жылдық мерейтойына арналған
«Көркем білім беруде жасанды интеллекттің ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Конференцияны Мәдениет және өнер факультеті, Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында көркем білім берудегі заманауи үрдістер, жасанды интеллекттің өнер мен тәрбие үдерісіндегі рөлі, ұлттық мәдени құндылықтарды сақтай отырып оқытуды жетілдіру мәселелері талқыланды.

 

Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдармен қатар Құлжабаев Есенкелді - көркем білім кафедрасының оқытушысы қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

 

Конференция оффлайн және онлайн форматта өтіп, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген профессор-оқытушылар мен зерттеушілерді біріктірді. Бағдарлама аясында табиғат аясындағы қысқы пленэр, пленарлық отырыс, секциялық баяндамалар және профессор М.Ж. Тәңірбергеновтің ғылыми-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу