қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2019

«Baldauren-Shymkent» республикалық оқу-сауықтыру орталығындағы «Шеберлік сынып»

 

2019 жылдың 11-15 наурызы аралығында Түркістан облысы, Төле би ауданындағы «Baldauren-Shymkent» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасының қызметкерлері Ержан Рысымбетов және Наргиза Алибекова республикамыздың жан-жағынан жиналған дарынды, талантты оқушыларға өздерінің кескіндеме саласы бойынша портрет, пейзаж жанрында «шеберлік сыныбын» өткізді.


Шеберлік сынып өткізу барысында университетіміз туралы кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу