қазақша · русский · english
   
Институт міндеті
 Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы
Факультет деканы
География ғылымдарының докторы, профессор
Қазыбек би көшесі, 30, 417 кабинет
 +7 (727) 291-47-66
k.kajmuldinova@abaiuniversity.edu.kz

 Мұқатаева Жазира Сағатбекқызы
Химия кафедрасының меңгерушісі
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Қазыбек би көшесі, 30
 8-778-368-30-93
jazira-1974@mail.ru

 Сагындыков Амантай Сагындыкович
Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары
Педагогика ғ.к, профессоры
Казыбек би, 30
amantai 63@mail.ru

 Манапов Нұрлан Тұрсымбекұлы
Директордың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары

Жамбыл көшесі, 25, №10 оқу ғимараты, 5 қабат, №503 кабинет
 8-777-293-42-31
nurlanm66@mail.ru

 

Институт химия, биология, география, экология мен туризм саласы мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Институтта 105 профессор, доцент пен оқытушылар жұмыс жасайды. Оның 12 ғылым докторы, 58 кандидаты. Көпшілігі «География», «Биология», «Биохимия», «Экология», «Химия», «Генетика», «Ботаника», «Зоология» пәндерінің жоо арналған оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың, «География», «Биология», «Химия» пәндерінен орта білім беретін мектептерге арналған оқулықтардың авторлары.
Институт оқытушылары үлкен педагогикалық және әдістемелік жұмыс тәжірибелері бар мамандар. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Маман даярлау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Химия мен биология мамандығына болашақта Ресей Федерациясы университеттерімен бірігіп, химия мен биология мамандығы бойынша қос диплом беру білім бағдарламасы қолға алынуда. Біздің факультеттен білім алған мамандар тек қана мектеп жүйесінде ғана емес, басқа да мемлекеттік, әкімшілік, ғылыми зерттеу институтарында, қоғамдық, саяси, халықаралық қатынастар, құқық қорғау, әскери мекемелер саласында қызметке шақырылады. Көптеген студенттеріміздің шет елдерде оқып, екінші диплом алуға мүмкіндігі бар. Шет тілін жете меңгерген студенттерге сұраныс өте жоғары. Оларды алыс, жақын шет елдерге жіберіп өзі бітірген оқу орынына қызметпен қамтамасыз етеді. Студенттер оқу процесі барысында шет елдік және отандық ғылыми жобаларға қатысып грант иегері болуына бар мүмкіндік жасалған. Болашақ биологтар өздерінің теориялық білімдерін далалық жағдайда практикадан өтсе, ал химиктерде мектеппен қатар өндірістік практикадан қаладағы өндіріс орындарында өтеді. Практикант студенттер 2011 оқу жылынан бастап оқу жоспарына сәйкес дала практикасын Қапшағай су қоймасының жағасындағы орналасқан оқу - далалық практикалық кешенінде өткізіп жүр.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Вестник» журналының «Жаратылыстану және география ғылымдары» бөлімі жүйелі түрде шығарылып отырады. Мұнда оқытушылардың ғылыми мақалалары жарияланып отырады. Мемлекет қолдауымен Балон декларациясы және Лиссабон конверенциясы шеңберінде халықаралық білім жүйесіне кіру, білім беру стандарттарын жаңадан құруға алып келді, ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда институтта ғылым бағдарламалары мен бірнеше жобалар орындалуда, олардың 75 пайызын профессор оқытушылар құрамы орындаса, 25 пайызымен студенттер айналысуда. Институт кафедралары Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы оқу орындар жүйесі және ғылыми зерттеу ұйымдарымен, университет пен ТМД елдері Инситуттарымен және алыс шет елдермен (Ресей, КХР, Түркия, Чехия, Польша, АҚШ) және т.б шет елдермен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасайды.