қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.03.2022

Abai University мен Binom school ынтымақтастықты нығайтуда

 

2022 жылдың 3 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ мен Binom school мектебі арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде 2021 жылдан бері бастау алып келе жатқан бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мен жұмысқа шақыру мақсатында онлайн-кездесу өтті.


Кездесуге университеттің «Мансап» орталығының маманы Альфия Байғұтты, «Binom school» мектебінің контингент бойынша бөлім басшысы Нурболат Темиров, HR бөлімінің басшысы Альмира Молтабаева сөз сөйледі.


Кездесу барысында Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларында Binom school мектептерінің жаңа бөлімдерінің ашылуына байланысты, студенттер мен магистранттарға 80 жұмыс орны мен 80 жатақхана ұсынылды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңында студенттер мен магистранттар үшін Binom school мектептер желісімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері ашылды. Мұндай шара екіжақты әріптестіктің нығайуына және болашақ педагогтардың өз мамандығына жауапкершілікпен қарауына және ашық бәсекелестікке жол ашады.