қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.03.2022

Студенттер «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмін тамашалады

 

«Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлтымыздың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейлі тойын атап өту жоспарына орай, 2022 жылдың 1-9 наурыз аралығында университет жатақханаларында тұратын студенттерге Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен шыққан «Ахмет. Ұлт ұстазы» кино туындысының кешкі көрсетілімдері ұйымдастырылды.

 

Жобаның басты мақсаты - Алаш көсемдерінің бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының оқу-ағарту ісінде ғылыми хәм оқытушылық бағытында орасан зор бастамашылдық танытқан, алғашқы қазақ әліппесінің авторы, университетіміздің тұңғыш профессоры, ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік мәнді өмір жолының құндылықтарымен нартұлғалық үлгісімен өскелең ұрпақтың мәдени танымдық әлеуетін күшейтуге арналды. Оның еліміздің дамуы мен халқының ағарту ісінде қосқан үлесі ұшан-теңіз.

 

Заманауи үлгіде түсірілген фильм Ахмет Байтұрсынұлының қилы соқпақсыз өткен ғұмыры мен қайсар да парасатты тұлғалық болмысынан, сол заманның тарихынан сыр шертетін эпизодтары жастардың рухани жан дүниесін тебірентіп қана қоймай, көрерменнің талғамына рухани азық болып орын алғанын көрсетеді.

 

Жоба университет бойынша жатақханаларда кешкі сағат 18.00-21.00-ге дейін 800 жуық астам көрерменнің қатысуымен жүрді.

 

Аталған жобаға шығармашылық қолдау білдіріп, арнайы бейнебаянда сәлемдемесін жіберген, университеттің білім алушыларына «Ахмет. Ұлт ұстазы» фильмінің туындысын сыйлаған сериалдың авторлары, режиссер әрі сценаристі Мұрат Есжанға және продюсер Айсәуле Әбілдаеваға, университет басшылығы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі