қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.03.2022

Саясаттанушылар: Елде демократиялық процесс жандана бастады

 


 

«Елде демократиялық процесс жандана бастады. Әкімдер енді кабинеттерінде отырып, тек есеп берумен шектелмеуі тиіс», - деді алматылық саясаттанушылар.

 

Олардың сөзінше, билік ең алыдмен халықпен кері байланысты реттеуі керек. Сонда ғана Мемлекет басшысының әкімдердің міндетіне қатысты берген тапсырмасы нәтижелі жүзеге аспақ. Еске саламыз жуырда ғана Тоқаевтың «Барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындармен жыл бойы кездесулер өткізсін, олардың барасында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аударып, пролемаларды шешудің жолдары мен мерзімін түсіндірсін»,-деген жарлығы шыққан еді.

 

Жомарт Құдайбергенұлы, саяси ғылымдар докторы:


Бұл Қазақстан Республикасы билік пен қарапайым халықтың арасындағы байланысты енді заңды түрде демократияландырудың алғашқы алгоритмін ашып беретін жарлық ретінде есте қалуы керек. Бұл облыстық немесе аудандық, қалалық ғана емес ауылдық әкімдердің қарапайым халықпен бірлесе жұмыс істеуіне сеп болады. Бұл көптеген түйкілдерді шешуге мүмкіндік береді.


Дәуренбек Құсайынов, саясаттанушы:


Бұл жарлық менің ойымша Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың осының алдында айтқан халықты тыңдайтын, еститін, түсінетін билік керек деген. Сол өзінің айтқанын жүзеге асырудың механимздерін көрсеткен сияқты.

 

11.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaqstan.tv