Негізгі бет
Жаңалықтар
14.03.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің халықаралық оқу-әдістемелік семинары
2022 жылдың 11 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазіргі кезеңдегі артбілім: жағдайы, тенденциялары және перспективалары» халықаралық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау (Музыкалық білім, көркемдік білім) бағыты бойынша стейкхолдерлердің, шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының жұмыс берушілері мен ғалымдарының қатысуымен өткізілді.
Абай атындағы ҚазҰПУ ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов кіріспе сөзбен ашып, модератор ретінде жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау жоба командасының жетекшілері (музыкалық білім, көркемдік білім) Зоя Рабилова мен Жанболат Көшербаев сөз сөйледі.
Трабзон университеті, Бейнелеу өнері факультеті, PhD доктор Билал Йазыджы «Түркиядағы академиялық көркем білім», Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры Лаура Какимова «Педагог-музыканттың киберсоциализациясы: уақыттың үрдістері мен сын-тегеуріндері», І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к. Аида Үсенова «Әлеуметтік-мәдени интеграция парадигмасындағы жоғары білім сапасының заманауи аспектілері», Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Зоя Рабилова «Қазіргі кезеңдегі артбілім: жағдайы, тенденциялары және болашағы» тақырыбында баяндамалар жасады.
60-тан астам семинарға қатысушылар «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар» (Артбілім, музыкалық білім) саласындағы фин сарапшыларымен шетелде және ҚР-да заманауи артбілім мәселелері бойынша Дүниежүзілік банктің жобасы бойынша кәсіби құзыреттерге негізделген студентке бағдарланған инновациялық білім беру бағдарламаларының дизайнын, модульдері мен пәндерін талқылауға белсенді қатысты.
Семинар мәселелерін талқылау барысында педагогикалық жоғары оқу орындарының артбілім беру және музыкалық білім беру саласындағы өкілдері тарапынан артбілім берудің өзекті мәселелері және білім беру бағдарламасының дизайнына, модульдері мен пәндеріне өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылданды.
|