қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.03.2022

2022-20224 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы түсіндіру вебинары

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР БҒМ-ның 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы түсіндіру мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамы үшін вебинар өткізілді.

 

Университет ректоры Дархан Біләлов вебинардың қатысушыларына ҚР БҒМ тарапынан ғылыми-зерттеу іс-әрекетін гранттық қаржыландырудың маңыздылығын, жобалық өтінімдерді сапалы даярлау мәселелері бойынша ғалымдармен ой-пікір алмасудың тиімділігін айта келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Вебинар спикерлері ретінде зерттеу қызметі жөніндегі проректор Е.Ә. Бөрібаев, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері Г.К. Көкебаева, Ж.А. Хамзина, А.С. Бердышев, сондай-ақ Ғылым департаментінің директорыҰ.М. Әбдіғапбарова сөз сөйледі.

 

Екі сағаттан астам уақытқа созылған вебинар барысында спикерлер конкурстық өтінімді дайындаудың барлық кезеңдерін, өтінімдерді дайындау кезінде жіберілетін типтік қателерді, 2022-2024 жылдарға арналған конкурстық құжаттаманың алдыңғы конкурстардан ерекшеліктері мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Вебинар маңызды әрі мазмұнды болды, спикерлер өтінімдерді дайындау кезінде туындайтын барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.