Негізгі бет
Жаңалықтар
25.03.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ «Студентке бағытталған оқыту: қайта жүктеу» тақырыбындағы форсайт-сессия
2022 жылдың 25 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Студентке бағытталған оқыту: қайта жүктеу» тақырыбындағы форсайт-сессия жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау (құқық негіздері және экономика) және гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау (тарих) бағыты бойынша жоғары оқу орындарының өкілдері, стейкхолдерлер және жұмыс берушілердің қатысуымен өткізілді.
Абай атындағы ҚазҰПУ ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов кіріспе сөзбен ашып, модераторлар ретінде гуманитарлық пәндер (тарих) бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау бағыты бойынша жоба командасының жетекшісі Мереке Тулекова және жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін/педагогтарды даярлау (құқық және экономика негіздері) жоба командасының жетекшісі Жанель Сайлибаева сөз сөйледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, т.ғ.к., Шолпан Нұрман «Педагогикалық білімнің болашағы және жаңа міндеттері: гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламасы», Павлодар педагогикалық университеті, т.ғ.д. Гульфира Өтепова «Тарих сабағында мұрағат құжаттарын қолдану», академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, доцент, PHD доктор Қанат Бөдеев «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес тарих мұғалімдерін даярлау мәселелері», Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры Киікбай Жаулин «Батыс Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық тарихын оқыту мәселелері», Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Ляззат Жазылбек «Құқық және экономика негіздері мамандығынан студентке бағытталған оқытуды жаңартылған оқыту бағдарламаларымен ұштастыру мәселелері», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры м.а. Жанель Сайлибаева «Жаңа білім беру бағдарламасының даму перспективалары (магистратура)» тақырыбында баяндамалар жасады.
Форсайт-сессия мәселелерін талқылау барысында тарих, экономика және құқық саласындағы педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдері тарапынан бірқатар неғұрлым толғандыратын және қажетті мәселелер бойынша шешімдер қабылданды, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына толықтырулар енгізу жөніндегі көптеген ұсыныстар мақұлданды.
|