қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.04.2022

Еуропалық үлгідегі дипломдар табыс етілді

 

Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Слупск қаласының (Польша) Помор академиясымен екі дипломды бағдарламаны жалғастырып, дамытуда.

 

Ағымдағы оқу жылында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша бакалавриаттың тағы алты студенті Помор академиясында оқуын аяқтап, «Орыс филологиясы: бизнес пен туризмдегі орыс тілі» мамандығы бойынша Айжан Бимурзаева, Элина Жарылгасова, Данагүл Қуанышқызы, Аяулым Оразай, Ангелина Тарасова, Құдайберген Унайқұлов дипломдарын алды.

 

2022 жылдың 30 наурызында ректордың салтанатты түрде табыстауы өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов еуропалық үлгідегі дипломдарды табыстады. Студенттер университет басшылығына қазақстандық жоғары оқу орнында оқумен қатар екінші білім алу мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс білдірді.