қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2020

Қашықтан оқыту - магистранттың көзқарасымен

 

2020 жылы 13 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жаратылыстану және география институтының география экология және туризмг кафедрасының магистранттары мен докторанттарының ұйымдастыруымен «Қашықтан оқыту - магистранттың көзқарасымен» онлайн-кездесу болып өтті. Кездесуге «7М05202 - География» мамандығының 2-ші курс, «7М01515-География» мамандығының 2-ші курс магистранттары, «8D011515 - География» мамандығының докторанты және педагогикалық тәжірибе жетекшілері: Боранкулова Д.М., Абдикаримова Г.А., Алиаскаров Д.Т. және кафедра оқытушылары қатысты. Кездесу барысында алдымен магистранттар мен докторанттар педагогикалық тәжірибе барысынан қысқаша видео көрсетіп, онан соң тәжірибе барысында қашықтан оқыта отырып, тиімді пайдаланған онлайн оқыту бағдарламаларымен («Zoom», «MO Power point», «Learningapps», «Drofa», «Google disk», «Corel draw») таныстырды.

 

Сонымен қатар магистранттар мен докторанттар тәжірибе барысында кездескен қиындықтарды да атап өтіп, осындай тәжірибеден өтуге мүмкіндік берген және өз ақыл - кеңестерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт - бағдар берген ұстаздар қауымына үлкен алғыстарын білдірді. Кездесу соңында тәжірибе жетекшілері мен кафедра оқытушылары қорытынды сөздерін айтып, магистранттардың жұмыстарына оң бағасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

 




Кері оралу