қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

«Табиғат - біздің ортақ үйіміз» көрмеcі

 

Жаратылыстану және география институтында «Ғылым онкүндігі» аясында 2022 жылдың 4-10 сәуір аралығында «Табиғат - ортақ үйіміз» тақырыбында көрме өтті. Көрмеге «Экология», «Биология-химия», «Химия», «Биология» мамандықтарының 2 курс студенттері қатысты. Шараның мақсаты - студенттердің экологиялық мәдениеті мен санасын қалыптастыру.


Іс-шараның ғылыми кеңесшісі «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» ББ экологтары болды, ал іс-шараны ұйымдастырушылар доцент Сабденалиева Г. М., аға оқытушылар Раимбекова И. К., Жандосова Г.О. және Садыкова К.


Іс-шара университет ректоры Билялов Д. Н. және жаратылыстану және география институтының директоры, профессор Каймулдинова К. Д. құттықтау сөзімен басталды.


Көрмеде оқушылардың макеттері мен қолдан салған суреттері қойылды. Экспонаттар жаһандық экологиялық проблемаларды, қоршаған ортаны ластау көздерін, қалдықтарды жою мәселелерін, Қазақстан қалалары мен далалық аймақтардың бүгіні мен болашағын көрсетеді. Және іс-шарада Ғылым онкүндігі барысында білім беру бағдарламасының парақшасында Instagram платформасында өтетін «Қоршаған орта студенттер көзімен» фотобайқауының басталғандығы хабарланды. Жеңімпаздар дипломдармен және сертификаттармен марапатталатын болады.

 

   




Кері оралу