қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

«Тұрақты даму мақсаттарын географиялық тұрғыдан талдау» вебинары


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына арналған «Ғылым онкүндігі - 2023» іс-шаралар кешенінің өткізілуіне әр қызметкер өз үлесін қосуға талпынуда. 2023 жылғы 6 сәуірде онлайн режимде постдокторант Н.Д.Шакирова «Тұрақты даму мақсаттарын географиялық тұрғыдан талдау» тақырыбында жас зерттеушілер, докторант, магистрант, студенттерге вебинар жүргізді. Тақырып ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысымен жүргізіліп жатқан АР14871476 «География мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлауда тұрақты даму мақсаттарын іске асыру» ғылыми жобасы қойып отырған міндеттердің бірінің аясында өрбіді. Вебинар Тұрақты даму мақсаттарын географиялық тұрғыдан көпшілікке түсіндіру жұмыстарын жүргізуді көздеді. ТДМ қай уақытта, қандай құжаттар негізінде пайда болды, мыңжылдық мақсаттарынан айырмашылығы, ҚР ТДМ бойынша орындауға алған міндеттері, әр мақсаттың түйткілді мәселелері мен ұлттық ерекшеліктері, елімізде әр мақсат бойынша жеткен жетістіктері аталып өтті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер өз деңгейінде орындалғаны атап өтілді.

 

  alt=  

 




Кері оралу