қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

«Әлем халықтарын тану» зияткерлік сайысы

 

2023 жылғы 10 cәуірде университеттің Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институты «География және экология» кафедрасының аға оқытушылары Калдыбекова Р.Е., Бейкитова А.Н. «Әлем халықтарын тану» тақырыбында «6В05203 - География» мамандығының 2-ші курс студенттері арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырды.

 

Іс-шараның мақсаты - ұлт, нәсіл, тіл, дін ерекшеліктері, әлем халқы және халықтар арасындағы достықты нығайту туралы «Тұрғындар географиясы демография негіздерімен» пәні бойынша алған білімдерін толықтыру.

 

Сайыс 5 кезеңнен құралды: Таныстыру; Ойлан тап!; Капитандар сайысы; Үй тапсырмасы (өнер сайысы: таңдау бойынша бір ұлттың тілінде ән, би, күй немесе жыр); Жанкүйерлер сайысы. Аталған іс-шараға 4 команда қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.


Сайыстың нәтижесі бойынша 1-ші орынды «ЖЕНЕВА», 2-ші орынды «VIVA MEXICO» топтары иеленді. Ал 3-ші орынды «OCEAN» және «НАПОЛЕОН» топтары бөлісті. Сайыс жанкүйерлері мен белсенді қатысушы студенттерге алғысымызды білдіре отырып, сайыскерлерді жеңісімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу