қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

Миниралдар әлеміне саяхат

 

2023 жылғы 10 cәуірде Абай университетінің Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институты «География және экология» кафедрасының оқытушылары Боранкулова Д.М., Бейкитова А.Н. «Миниралдар әлеміне саяхат» тақырыбында «6В01515-География» мамандығының 1 курс студенттері Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Сәтбаев тарихи мұражайы және минерология зертханасында болды.


Іс-шараның мақсаты - «Геология және геоморфология негіздері» пәні бойынша минералдардың түрлерін, таралу аймақтары, қасиеттері және т.б. ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру және Қазақстандағы минералдардың түрлерімен таныстыру болды. Сәтбаев тарихи мұражайының бас маманы Аспандияр Өмірбек геолог, минеролог, географ Қ.И.Сәтбаевтың өмірбаянын, зерттеу жұмыстарын, ғылыми еңбектері, шәкірттері туралы жан-жақты мағлұматтар берді. Мұражайда дүниежүзі және Қазақстан аумағынан табылған минералдардың коллекциясы жинақталған. Салтанат Асубаева геолог маманы ретінде кенді минералдардың құрамын заманауи микроскоптың көмегімен көрсетті. Студенттер геологиялық, геоморфологиялық білімдерін жетілдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу