қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2023

Алматының Ботаникалық бағына экскурсия


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасының оқытушылары «Туристік-экскурсиялық менеджмент» минор бағдарламасының аясында Алматы қаласы бойынша экскурсиялық практикалық сабақ жүргізеді.


2023 жылдың 3-4 қазанында магистр оқытушы Бекен А.Н. «6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 3 курс, орыс тобы студенттеріне «Экскурсиятану» пәні бойынша, «6B02109 - Хореография» және «6B02302 - Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Экскурсияны басқару» пәні бойынша Алматы қаласының Ботаникалық бағына экскурсиялық сабақ өткізді. Экскурсия барысында студенттер бақтың тарихы және ғылыми-зерттеу бағыттары жайлы ақпараттар алып, экспозициялық және қоғамдық аймақтарын көріп, бақтатарда экскурсия өткізудің процессімен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу