қазақша · русский · english
 
 
 
12.10.2023

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия

 

2023 жылдың 10 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасы «Туристік-экскурсиялық менеджмент» минор бағдарламасының аясында оқытушы А.Н. Бекеннің ұйымдастыруымен «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Экскурсиятану» пәні бойынша Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына экскурсия өткізілді.


Экскурсия барысында студенттер арнайы экскурсовод маманмен ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясымен танысып, ондағы батыс, орыс және кеңес өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағын өз көздерімен көрді. 19-20 ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің бай коллекциясының тарихымен танысып, қазақ қол өнерінің жоғары деңгейде болғанын білді. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, киіздер мен текеметтер, түкті және тақыр кілемдер, кестелі кілемдердің мағынасын, қолдану аясын және жасалу жолымен танысты. Бұндай экскурсиялар студенттердің ұлттық сана сезімін, білімге деген құлшынысын оятады деген ойдамыз.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу