қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2023

Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтындағы қонақ дәріс


Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы шартты іске асыру аясында Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасының профессоры Бахадурхан Әбдіманапов 2023 жылдың 13-22 қараша аралығында серіктес ЖОО жаратылыстану пәндері факультетінің студенттеріне дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізді.


Қонақ дәрісі географиялық білім берудің өзекті мәселелеріне және оның жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы модельдеріне, тұрақты даму мәселелеріне, базалық пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесіне және электрондық білім беру ресурстарын жобалауға арналды. Өзбек студенттері орта мектепте географиялық білім берудің жаңа мазмұнына үлкен қызығушылық танытты және электронды оқулықтар жасау технологиясы бойынша диалогқа белсенді қатысты.

 

  alt=  




Кері оралу