қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

«Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен перспективалары» семинары

 

2024 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты, биология кафедрасында Ғылым декадасы - 2024 аясында профессор Айдарбаева Д.К. мен биология магистрі Талдыбай А.А. жетекшілігімен ғылыми бағыттағы студенттерге, магистранттарға «Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен болашағы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарда «Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры Ситпаева Г.Т. мен «Гендік тұқым банкі» зертханасының меңгерушісі Муртазаева Т.Ш. қонақта болып, өздерінің тәжірибесімен бөлісті.

 

Тансара Шаяхметқызы «Қазақстан флорасының тұқым банкі» туралы баяндама жасап, студенттерге пайдалы ғылыми мәліметтер берді. Тұқым банкі 2013 жылы ашылды. Дүние жүзіндегі өсімдіктердің генетикалық ресурстарының азаюы бүкіл жер шарының азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының генофондын сақтау, әсіресе, адамзат алдында тұрған немесе болашақта туындайтын экологиялық проблемаларды шешу үшін өте маңызды. Дүниежүзілік өсімдіктердің генетикалық ресурстарының жинақтары елдердің азық-түлік, биоресурс және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қуатты стратегиялық негізі болып табылады.


16-шы халықаралық ботаникалық конгрестің мәліметі бойынша, планетада бар гүлді өсімдіктердің шамамен үштен бірі 21 ғасырдың ортасына қарай жойылып кетуі мүмкін. Селекциялық бағдарламаларды дамыту үшін генетикалық әртүрлілік туралы білім және осы әртүрлілікке тұрақты қол жетімділік қажет. 


Жақында ботаника және фитоинтродукция институтында жарық көрген «Алматы облысының өсімдіктерінің тұқымдық атласы» кітабы студенттерге ұсынылып, кафедраға сыйға тартылды. Кездесу өте қызықты, мазмұнды және өте жоғары экологиялық құндылыққа ие болды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу