«География және экология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «География және экология» кафедрасы / Жаңалықтар
16.04.2024
«Менің туған өлкем» экскурсиясы
2024 жылдың 14 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Жаратылыстану және география институтының география және экология кафедрасының оқытушылары - доцент Иркитбаев Сәкен, аға оқытушылар Саванчиева Арманай және Алиев Мұратбек «Туристік-экскурсиялық менеджмент» минор бағдарламасының: « 6B01703 - Шет тілі: екі шет тілі», « 6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті», «6B01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2-3 курс студенттерімен «Қазақстанның туристік нысандарының географиясы» пәні бойынша «Менің туған өлкем» тақырыбында Алматы және Жетісу облыстарының көрікті нысандары бойынша экскурсия өткізді.
Экскурсия Алматы қаласы-Қонаев қаласы-Сарыөзек ауылы-Көктал ауылы-Жаркент қаласы - «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайы - Әулие ағаш-Шелек ауылы-Алматы қаласы бағыты бойынша Алматы және Жетісу облыстарының табиғи, тарихи-мәдени көрікті нысандарымен таныстыру мақсатында өткізілді. Экскурсия барысында студенттер Қапшағай су қоймасына барып, Қонаев қаласында Ш.Чокин атындағы Қапшағай СЭС-ын, жел электр станциялары мен күн энергиясын өндіруге арналған күн батареяларың көрді. Одан кейін студенттер XIX ғасырдың бірегей сәулет ескерткішімен, Жаркент қаласының негізгі көрікті нысаны, будда ғибадатханасына ұқсайтын «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер мұражайымен танысты. Мешіт кешеніне Жұма-мешіт, кіші мешіт, негізгі кіреберіс-қақпа, бүйірлік кіреберіс қақпа және тас қоршау кіреді. Қанық түстер, ағаш оюлары, араб қарағаштары, құстар мен жануарлардың бейнелері, натюрморттар мешіт декорының ерекшеліктері болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстан кесенелерінің макеттері мен көне тұрмыстық заттар ұсынылған көрме залдары бар. Одан кейін студенттер қасиетті Әулие ағаштың қасында тілек білдірді. Бұл 6,5 метрлік бірегей Қарағаш. Сапар барысында студенттер Алматы және Жетісу облыстарының тағы да көптеген нысандарын көрді: Арқарлы асуы, «Қойбын» базальт кен орны, ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі «ALACEM» цемент зауыты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|