қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2024

Сапалы ғылыми еңбектерді жазудың озық тәжірибесі


2024 жылдың 25 қарашасында Джон фон Нейманн университетінің (Венгрия) профессоры Лорант Денес Давид Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті география және экология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына (докторант, магистрант және студенттерге) «Best Practices in Scientific Papers Writing» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаттың мақсаты - ПОҚ құрамы мен ізденушілерге ғылыми еңбектер жазудың әлемдік озық тәжірибелерімен және Scopus және Web of Science базасында индекстелетін ғылыми журналдарда мақала жариялау құпияларымен бөлісу болды.

 

Шеберлік сағатта профессор Лорант Денес Давид өзінің ғылыми еңбектерді жазу тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми мақаланы нақты деректерге негізделіп жазу керектігін айтты. Ғылыми еңбектер кіріспе, әдістер, нәтижелер, талқылау және қорытынды сияқты стандартты құрылымға сәйкес әрбір бөлімде тиісті ақпараттың болуы және логикалық реттілікпен жазылуы маңызды екендігі баяндалды. Сонымен қатар, ғылыми еңбектер зерттеу нәтижелері мен түсіндірмелерін объективті түрде, біржақты немесе жеке пікірсіз ұсынуы және авторлар негізсіз мәлімдемелер жасаудан немесе олардың нәтижелерінің маңыздылығын асыра жазудан аулақ болуға шақырды.

 

Аталған шеберлік сағатта барша ПОҚ құрамы мен ізденушілер Scopus және Web of Science базасында индекстелетін ғылыми журналдарда мақала жариялаудың лайфхактерімен танысып, практикада қолданудың жоларын үйреніп қайтты. Мұндай шеберлік сағаттар жас ғалымдар үшін ғылыми мақалалар жазу және жариялау дағдыларын жетілдірудегі маңызды қадам болып, олардың халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал етеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу