қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2018

Шарын өзенінің бойына алты күндік туристік жорық


2018 жылдың 20-26 наурыз аралығында Елтану және туризм кафедрасының оқытушылары Шарын мемлекттік ұлттық табиғи паркінде ҚазҰПУ-дің 90 жылдығына және кафедраның 25-жылдығына арналған туристік саяхат ұйымдастырды.


Алты күндік туристік жорық барысында студенттер Шарын өзені бойымен жүріп өтіп, өздерінің белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы және жергілікті жерде бағдарлану пәндері бойынша алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындады. Сонымен қатар, студенттер «Парктер шеруі» халықаралық экологиялық акциясына қатысты. Осындай жорықтар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырады және жігерлілікке тәрбиелейді, қоршаған ортаны зертеуге қызығушылықтарын артырады.

 

       

 

       

 

       

 

     




Кері оралу