қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2018

«Тұрақты даму мүддесінде жоғары білім» халықаралық практикалық семинар

 

2018 жылдың 31 қазаны күні «География, экология және туризм» кафедрасы «Тұрақты даму мүддесінде жоғары білім» тақырыбында халықаралық практикалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты - БҰҰ-ның тұрақты даму аясында ЖОО-ның білімгерлерінде экологиялық дүниетанымды қалыптастыру мәселесін жүзеге асыруды талқылау.

 

Негізгі міндеттері:

1. ҚР ЖОО-да тұрақты даму мақсатында және тұрақты даму мүддесіндегі білім беру мәселерін жүзеге асыруды талдауды ұйымдастыру;

2. БҰҰ-ның өкілділігімен бірлікте, тұрақты даму мақсатын мен тұрақты даму мүддесін іске асыру және оның қолданыс тетіктерін дамыту бойынша мүмкін бағыттар жайындағы ұсыныстарлы талқылау;

3. Тұрақты даму мақсатын мен тұрақты даму мүддесін жүзеге асыруда жаңа білімдік әдістерді, тұрақты дамудың әртүрлі (экономикалық, экологиялық жәнеәлеуметтік) компоненттерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу және жетістікке жету жолындағы ұсыныстарды даярлау.

 

Семинарға қатысушылар: БҰҰ-ның, ЮНЕСКО-ның өкілдері, Алматы қаласындағы тұрақты даму мақсаты мен тұрақты даму мүддесі мәселелерімен жұмыс жасайтын жетекші ЖОО-ның басшылары мен оқытушылары болды. Семинарға қатысушылар, аталмыш мәселелер тұрғысындағы Алматы қаласының келесі ЖОО: Нархоз университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Неміс Университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі жетістіктермен және проблемалармен танысты. ҚР ЖОО-да жасыл экономиканы дамытуды тұрақты даму мақсатын тұрақты даму мүддесі тұрғысынан жүзеге асыру үшін жұмыс алаңын құру мен бірлесіп іс-әрекет жасау жайлы ұсыныстар талқыланды. Семинарға қатысушылар арасында, ҚР жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсатын тұрақты даму мүддесі тұрғысынан жетістікке жету жолында ары қарай да табысты және шығармашылдық, ынтымақтастық орнату мақсатында байланыс орнатылды.

 

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институты, География,экология және туризм кафедрасы. ЖГИ директоры- профессор Күләш Каймулдинова. Семинарға жауапты - профессор Күлжахан Бакирова.

 

   

 

 

   




Кері оралу