қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2019

Картографияда жаңа әдістерді қолдану

 

2019 жылғы 11 желтоқсанда Жаратылыстану және география институтында география, экология және туризм кафедрасында Сорбонна университетінің профессоры Clarisse Didelon Loiseau және Julien Thorez семинар-тренинг өткізді.

 

Семинардың басты мақсаты Magrit сайтын (http://magrit.cnrs.fr/) қолдана отырып, ГАЖ технологиясымен танысу болды. Бұл қосымша - тақырыптық картографиялық бағдарламалық жасақтама болып табылады, мұнда кәдімгі картографиялық әдістер инновациялық әдістермен (пропорционалды таңбалар, картограмма, алшақтық картасы, тегістелген карта, тор картасы және т.б.) бірге қолданылады. Сондай-ақ, бұл қосымша көптеген кіріс форматтарын қабылдайды және географиялық карталарды құруға, оларды жеке зерттеулерде де, студенттерді оқытуда да пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Семинар соңында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы картография ісіндегі осындай қызықты және пайдалы ақпараттармен бөліскендері үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

 

   




Кері оралу