|
| |
Халықаралық ғылыми-мәдени байланыстар бөлімі ҚазҰПУ-дың халықаралық байланыстарын қамтамасыз етумен айналысады және университеттің ғылыми, білім беру және мәдени әлеуетін нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты - шетелдік жоғары оқу орындарымен және жоғары білім және ғылым саласында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, халықаралық жоғары білім беру саласындағы халықаралық қызметті ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, білім беру үрдісін және ғылыми қызметті интернационализациялауға жәрдемдесу.
Бөлімінің негізгі функциялары: - ҚазҰПУ-да және шет елдерде халықаралық серіктестіктердің қалыптасуы және дамуына ықпал ететін іс-шараларды бастау және жүзеге асыру; - шетелдік университеттер және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттарды және басқа да құжаттарды дайындау және бақылауды жүзеге асыру; - Халықаралық қатынастарды дамытуға қатысты ақпарат пен презентациялық өнімдерді дайындауға қатысу; - шетелдік азаматтарды ҚазҰПУ-да оқуға тарту және қеңестік-ұйымдастыру өтінімдерді беру, жатақханаға орналастыру, тіркеуге көмек; - шетелдік азаматтармен Абай атындағы ҚазҰПУ-да болу мәселелер бойынша жұмыс ұйымдастыру.
|