|
| |
Бөлім қызметінің негізгі мақсаты - халықаралық ынтымақтастық нысандарын кеңейту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, шетелдік бөлімшелермен ынтымақтастық туралы шарттардың санын арттыру, халықаралық ұтқырлық тиімділігін арттыру, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесе жүзеге асырылатын екі дипломдық бағдарламаларды әзірлеу бойынша халықаралық бөлімге әдістемелік қолдау көрсету.
Бөлімнің негізгі қызметтері: - халықаралық білім беру бағдарламаларының қатысушыларына кеңес беру; - Абай атындағы ҚазҰПУ шетелдік серіктес ЖОО-мен бірлесіп жүзеге асыратын халықаралық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, түзету және жаңарту; - университеттің халықаралық қызметін дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; - халықаралық гранттарды, жобалар мен бағдарламаларды іздеу және енгізу; - бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мақсатында әріптестік орнату және шетелдік жоғары оқу орындарымен шарттық қатынастарды дамыту; - шетелдік әріптестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдесу; - шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығының әртүрлі нысандарын іске асыру, халықаралық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру.
|