қазақша · русский · english
   

 

ТҮСУ ШАРТТАРЫ


1 маусыммен 25 тамыз аралығында құжаттар қабылданады
- Мектеп түлектері үшін міндетті түрде ҰБТ сертификаты болуы қажет;
- Колледж түлектері үшін міндетті түрде КТ сертификаты болуы қажет;
- 18-26 шілде аралығыда мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланып, құжаттар толтырылады.

 

Түсу үшін қажетті құжаттар:

- Берілген үлгідегі өтініш;
- Жеке куәлік көшірмесі - 2 дана;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 063 профилактикалық егу картасы (көшерме);
- медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен)
- 3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет;
- ҰБТ немесе КТ сертификаты;
- КТ төлеу үшін реквизиттер

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
1 кезең. 7 шілдеге дейін құжаттар өткізу қажет.
2 кезең. КТ рұқсат қағаз алу. Шығармашылық емтихан (шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін).
3 кезең. Кешенді тест тапсыру (биылғы мектеп бітірушілеріне міндетті емес).
4 кезең. КТ нәтижесі + шығармашылық емтихан нәтижесінің қосындсы.

 

Маңызды күндер:
1 маусым және 7 шілде аралығында шығармашылық емтиханға өтініш қабылданады.
8 - 13 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсырылады.

 

Балдарды есептеу:
Шығармашылық емтиханның максималды балы - 40 балл. Екі шығармашылық емтихан. Шығармашылқы емтиханға түсуші талапкерлер үшін ҰБТ немесе КТ екі пәнінің балы есепке алынады: оқу сауаттылығы (қазақ немес орыс тілінің), Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан.

 

Есептеу:
Оқу сауаттылығы (20) + Қазақстан тарихы (20) + бірінші шығармашылық емтихан (40) + екінші шығармашылық емтихан (40) = 120 (максимум балл).

 

Ескерту:
15 балдан төмен жинаған немесе шығармашылық емтиханға келмеген, кешенді тестке қатыспаған талапкерлер оқуға құжат тапсыра алмайды.


Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды.


МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?
1 кезең. Мамандық таңдау
Өтініш толтырар кезде 4 мамандық таңдайсыздар. Мамандық таңдайтын кезде сіздің бейіндік пәніңізге тура келуі қажет.
2 кезең. ЖОО таңдау
4 мамандықты таңдап болған соң, сол мамандықтар қай университеттерде бар екенін біліп алыңызыдар.
3 кезең. Анкетаны толтыру


Өтініште төрт түрлі мамандықты төрт түрлі университетке тапсыра аласыз.


МАҢЫЗДЫ! Мамандық шифрын және университет кодын мұқият толтырыңыз.


Грант конкурсына қатысу барысында тек ҰБТ нәтижесі, «Алтын Белгі»/ «Үздік аттестат» иегерлеріне және халықаралық олмипиада нәтижелері есепке алынады.