қазақша · русский · english
   

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ


Магистратураға құжаттар тапсыру мерзімі 3-25 шілде.


Магистратураға түсуші үміткерлер кешенді тестілеу тапсырады.


Түсу емтихандары:
- 8-16 тамыз аралығында
- оқуға қабылдау 25 тамыз

 

Ағылшын тіліндегі бағытталған магистратураға түсушілер үшін кешенді тестілеу 8-16 тамыз аралығында өткізіледі.


Магистратураға түсуші үміткерлердің «Бакалавр» академиялық дәрежесі болуы міндетті.

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға шет тілі және мамандығы бойынша түсу емтихандарының жиынтығы бойынша көрсеткіштер болуы қажет:

1

ғылыми-педагогикалық  магистратура

барлығы 100 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 50 балл

2

бейіндік бағыттағы магистратура

барлығы 75 балдан кем емес, соның ішінде шет тілінен кем дегенде 30 балл

3

ғылыми-педагогикалық магистратурада, оның ішінде оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада және оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура

түсу емтиханынан кемінде 25 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша - кемінде 7 балл, мамандық бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша - кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша - кемінде 10 балл.

 

 

1. ШЕТЕЛ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН
Шетел тілінен емтихан ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының технологияларына әйкес тест түрінде алынады. Шетел тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.

 

Ағылшын тілі:
- International English Language Tests System (IELTS, ең төменгі балл - 4.5-ден кем емес).
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - 460 балдан кем емес)
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, ең төменгі балл - 87 -ден кем емес),
- TOEFL ең төменгі - 560 балдан кем емес)

Неміс тілі:
- Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1),
- TestDaF-Prufung (Niveau C1/ деңгей С1).

 

Француз тілі:
- Test de Franзais International TM (TFI - B1 деңгейінен төмен емес, оқылым және аудирования)
- Diplome d`Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгей)
- Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгей)
- Тest de connaissance du francais (TCF - 400 балдан кем емес);


2. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТАПСЫРЫЛАТЫН ЕМТИХАН


Екі бейіндік пәндер бойынша кешенді тестілеу.


Қажетті құжаттар тізімі:
- университет ректорының атына жазылған өтініш;
- нотариалды расталған жоғары білім туралы диплом қосымшасымен;
- шетел тілінен тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);
- кадрларды тіркейтін жеке іс парақ және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға); еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар жағдайда);
- 6 фото сурет (көлемі 3x4);
- медициналық анықтама 086-У форма ( флюорография суретімен);
- жеке басты растайтын құжат және оның көшірмесі (2 шт.);
- ғылыми еңбектер мен әдістемелік жұмыстарының тізімі форма 2.3 (бар болған жағдайда);
- шетел тілінен тест тапсыруға қатысу үшін ақша төленгендігі туралы түбіртек.


Барлық көшірмемен бірге құжаттардың түпнұсқасы да өткізіледі, құжаттарды салыстырып, тексерген соң түпнұсқа қайтарылады.