қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.04.2022

«Chemistry of life» ғылыми онкүндігі

 

2022 жылдың 4 сәуірінде университеттік Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтының «Химия» білім беру бағдарламасы мен студенттік ғылыми ұйымының бастамасымен «Sparkle science of chemistry» студенттік ғылыми-зерттеу ұйымының бастамасымен «Chemistry of life» ғылыми іс-шарасы басталды.


Студенттік ғылыми-зерттеу ұйымының негізгі мақсаттары:

- Ғылымды насихаттау

- Интеллектуалды-рухани әлеуетті арттыру

- Support for young people involved in public, environmental and social work;

- Өнертапқыштық мәдениетті қолдау

- Assistance in solving problems of global importance through cooperation

- Болашақ ғалымдардың кәсібилігін арттыру.

 

Декада жоспары:

4.04.2022 - Ашылу салтанаты 10:00-11:00

5.04 .2022 - Сиқырлы жұмбақтар (Фойе 7-этаж)

6.04.2022 - Қайырымдылық акциясы

7.04.2022 - Студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы сайысы «Science and life». Критерийлері - НИРС бойынша жүргізіледі.

8.04.2022 - Жабылу кеші 12:00

 

Жаратылыстану және география институтында сағат 11.00-де таныстыру презентациясы көрсетілді, онда университетіміздің Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов, институт директоры Күляш Каймулдинова және «Химия», «Биология», «География» ББ тобының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Дархан Біләлов: «Химия - елдің дамуына үлкен үлес қосатын салалардың бірі болғандықтан, химия ғылымын ерекше бағалаймын, химия ғылымымен айналыстын жандардың дүниетанымы, жан дүниесі ерекше болып келеді. Институт білім беру топтарының ұйымдастырып отырған ғылыми декадасының тақырыптары, алға қойған мақсаттары өте өзекті», деді. Химия ғылымының маңыздылығын атап, студенттерге мақсатқа жету үшін мамандыққа деген қызығушылықтарын одан әрі арттырып, жауапкершіліктің жоғары болуын айтып, сәттілік тіледі.

 

Студенттік ғылыми-зерттеу ұйымының мақсатымен таныстырып, декада жоспарын жариялады және «Химия ғажайыптары» қызыққа толы тәжірибелер көрсетілімі болды.