қазақша · русский · english
 
 
 
29.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Ербол Сыпатаевты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы атанды

 

2021 жылдың 28 қазанында Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында қазақ күресінен қалалық жарыс өтті. Турнир 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды.


Іс - шараның мақсаты - патриоттық тәрбие беру, қазақ жастары тоталитарлық кеңестік жүйеге қарсы шыққан 1986 жылғы 16 желтоқсандағы оқиғалар туралы және осы наразылықтың қайғылы зардаптары туралы студенттерді хабардар ету.


Аталған жарыста Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Дене шынықтыру және спор» мамандығының 4 курс студенті Жорабек Ерсұлтан абсолюттік салмақ дәрежесінде 1-ші орынға ие болды.

 

   




Кері оралу