қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-да танымдық кездесу өтті


2025 жылғы 1 қарашада «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-4 курс студенттерімен өткен кездесуге XVII Республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Баиковұлы Ағайынды және оның ғылыми жетекшісі Уанбаев Еркін Қинаятұлы шақырылды. Кездесу барысында пәндік олимпиада аясында жүргізілген ғылыми жобалар, зерттеу әдістемелері және жобаны қорғау барысы талқыланды. Ағайынды өз зерттеу базасындағы әдістемелік жұмыстары туралы баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесудің екінші бөлімінде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Уанбаев Еркін Қинаятұлы «Дене мәдениеті және спортта орыс және қазақ тіліндегі терминдерді мағынасына сәйкес қолдану ерекшеліктері» атты тақырыбында дәріс өткізді.Тақырыпқа сай қазақ тіліндегі терминдерді мағынасына сәйкес қолдану ерекшеліктері мен оның негізгі өзектілігі жайлы баяндады.

Іс-шараны ұйымдастырған - Уанбаев Еркін Қинаятұлы , Кожаканов Жандос Мұқанұлы.





Кері оралу