қазақша · русский · english
 
 
 
16.12.2025

"Жасанды интеллектпен талас:кітап оқу қала ма?"
тақырыбында Бақытжан Бұқарбаймен кездесу


Желтоқсанның 13 күні Абай атындағы ҚазҰПУның Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің оқытушылары Жандос Мұқанұлы ,Еркін Қинаятұлы және 3 курс студенттері баспагер Бақытжан Бұқарбаймен мазмұнды әрі әсерлі кездесу өткізді. Кездесу барысында жасанды интеллект, жастар мәселесі тәрізді жастарды толғандырып жүрген мәселелер талқыланды.Кездесу барысында қатысушылар қонаққа сұрақтарын да қойып, пікірлерін білдірді. Кездесу пікір алмасу сияқты еркін форматта өтті.
Сұхбат жоғары деңгейде өтіп, ашық диалог пен пайдалы ойларға толы болды. Бақытжан Бұқарбай өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мотивация ойларымен бөлісті. Студенттер кездесуден үлкен әсер алып, көптеген маңызды сұрақтарына жауап алды. Шара қатысушылардың көңілінен шығып, ерекше ықыласпен қабылданды.





Кері оралу