қазақша · русский · english
 
 
 
17.01.2026

«Алматы музейлеріне саяхат» атты танымдық-мәдени іс-шара

 

«Алматы музейлеріне саяхат» атты танымдық-мәдени іс-шара аясында Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің 1-курс шетелдік студенттері, оның ішінде Түрікменстан Республикасының азаматтары, Алматы қаласы тарихы музейіне экскурсия жасады.

Экскурсия барысында студенттер Алматы қаласының қалыптасу және даму тарихымен, оның мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерімен танысты. Музей экспозициялары арқылы қаланың әр кезеңдегі тарихи келбеті, маңызды оқиғалары мен құнды жәдігерлері туралы кең көлемде ақпарат берілді. Аталған іс-шара шетелдік студенттердің, оның ішінде Түрікменстан Республикасынан келген білім алушылардың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттырып, олардың танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті.





Кері оралу