қазақша · русский · english
 
 
 
27.01.2026

Академиялық ұтқырлық аясындағы тәжірибе алмасу

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультетінің, Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының 3-курс студенттері Ергешбай Саят, Бағдәлі Талғар, Сабитқызы Нұрай академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барып, Спорт факультетінің Дене мәдениеті кафедрасында білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді қабылдаған оқу орнында ресми кездесу өтті. Кездесуге Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорт факультетінің деканы, профессор Сейдахметов Ермек Ергешұлы, Дене мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, PhD Алтынбеков Алпамыс Ибадуллаұлы, сондай-ақ Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы қатысты.

Кездесу барысында академиялық ұтқырлық бағдарламасының маңыздылығы, болашақ мамандарды даярлаудағы тәжірибе алмасудың рөлі, екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту мәселелері талқыланды. Студенттерге оқу үдерісі, спорт саласындағы заманауи әдістемелер мен тәжірибелік жұмыстар жөнінде кең ақпарат берілді.

Бұл академиялық ұтқырлық болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе жинақтауына және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор мүмкіндік береді.


 




Кері оралу