қазақша · русский · english
 
 
 
08.02.2026

Студенттерімен волонтерлік жұмыс атқарылды


1-курс 3-4топ студенттерімен топ болып волонтерлік жұмыс атқарылды. Осы игі іс аясында Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақта-1 Ықшам ауданында тұратын көп балалы, жалғыз басты анаға қолдау көрсету мақсатында азық-түлік және ақшалай қайырымдылық жасадық. Отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін үйіне барып, кәмілетке толмаған балалары бар екенін және олардың өмір сүру жағдайын өз көзімізбен көрдік. Бұл сапар бізге мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Осындай қайырымдылық жұмыстары арқылы қоғамға пайдалы іс жасап, адамдарға аз да болса көмек көрсете алғанымызға қуаныштымыз. Алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыруды мақсат етеміз.





Кері оралу