Дене шынықтыру және спорт кафедрасы | Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Дене шынықтыру және спорт кафедрасы / Жаңалықтар
19.12.2018
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараны университеттің ректоры, профессор Такир Балықбаев өзінің құттықтау сөзімен ашты.
Ректордың бұйрығымен университеттің бірқатар директорлары, оқу және ғылыми-педагогикалық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар мен оқытушылар жоғары оқу орнының дамуына қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін мерекелік төсбелгімен марапатталды. Іс-шара барысында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлары мен оқытушылар құрамы «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жыл» мерекелік төсбелгімен марапатталды. Салтанатты жиын соңы эстрада жұлдыздары мен өнерлі жастардың мерекелік концертімен жалғасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|