қазақша · русский · english
   
Курманова Кульбан Амербековна
Бас бухгалтердің жоспарлау-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары - Жоспарлау-экономикалық бөлімнің бастығы

Достық даңғылы, 13
 291-79-36
buhagu@mail.ru

 

Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Экономикалық-жоспарлау бөлімінің негізгі міндеттері:
- университетті қаржыландыруды жоспарлау және оны ұйымдастыру, жыл сайынғы даму жоспарын, бағдарламаға сәйкес қызметтің барлық түрлері бойынша кіріс пен шығыс сметаларын жасау;

- білім беру және басқа да қызмет көрсету салалары бойынша экономикалық негізді калькуляциялар жасау, университеттің штаттық кестесін дайындау;

- университеттің тәуелсіз активтері мен қаржысын қалыптастыру көздерін талдау арқылы оқу орнының негізгі қызметінің тиімді көрсеткіштерін анықтау.


Бөлімнің негізгі қызметі:
- профессор-оқытушылар құрамының, қосалқы және әкімшілік-басқару, қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің штаттық санын анықтау және дайындау;
- бөлімдер жұмысының табыстылығы мен рентабельділігі коэффициентін анықтау үшін құрылымдық бөлімшелердің табысы мен шығысына талдау жасау;
- университеттің бюджетін жасау және оның орындалуын бақылау;
- даму жоспарына, кіріс пен шығыс сметасына ай сайын талдау жасау;
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындау;
- заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды дайындауға және оны жүзеге асыруға (басқа да бөлімдермен бірге) қатысу;
- мәселе туғызып отырған жағдайларды жедел шешу үшін салық және қаржылық қызметтермен бірге өзара іс-қимыл жасау;
- университеттің есеп-шотына қызмет көрсететін банкілермен өзара қарым-қатынас жасау.