қазақша · русский · english
   
 Қалтаева Фариза Қалдаяқызы
Есептесу бөлімінің бастығы

Достық даңғылы, 13
  291-90-12

 

Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Бөлімнің негізгі міндеттері:

Университеттің қызметкерлерімен және есеп беруге тиіс тұлғалармен есеп айырысуды қамтамасыз етеді. Студенттермен, магистранттармен және докторанттармен оқу ақысын төлеу, шәкіртақымен есеп айырысу ісімен айналысады.


Бөлімнің негізгі қызметі:
- тиісті учаскелер бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, оларды есеп айналысына дайындау;
- бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу;
- еңбекақы төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын, заңдылықтарға сәйкес салық пен аударымдарды есептеу және аударуды жүзеге асыру және бақылау, мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның келісім-шарттары бойынша төлемдерді уақытылы есептеп аудару;
- атқарушылық қағазы бойынша кәсіподақтың мүшелік жарналарын ұстауды және аударуды жүзеге асыру;
- резиденттер мен резидент еместердің жеке тұлғаларының табысын есептеуді, бухгалтерлік есептің салық алу мен операцияларын жүзеге асыру, оған бақылау жасау, уақытылы аудару;
- кәсіпорынның есеп саясаты мен ҚР басқа да заң актілері бекіткен нормаларға сәйкес бухгалтерлік есепте шығындарды (іс-сапар, шаруашылық және өкілеттілік) көрсету және оны бақылау, оның уақытылы аударылуын қамтамасыз ету;
- салық және статистикалық есеп беру формаларын дайындау және өткізу;
- университет қызметкерлеріне айлық жалақысы туралы анықтамалар беру;
- білім беру қызметі бойынша табыстың дұрыс есептелуін жүзеге асыру және оны бақылау;
- оқу орнына түскен қаражат туралы толық ақпарат дайындау, оқу ақысын төлеу жөнінде дебиторлық қарызды болдырмауды қамтамасыз ету;
- дебиторлық қарыздар мен университеттің институттары мен бөлімдері контингентінің қозғалысын ай сайын тексеріп, салыстырып отыру;
- студенттер мен магистранттардың стипендияларын, жол ақысына жеңілдіктерін дұрыс және уақытылы есептеудің жүзеге асырылуын, аударылуын бақылау;
- студенттерге, магистранттарға, докторанттарға алатын стипендияларының көлемі туралы анықтамалар беру;
- университеттің қаржы-шаруашылық қызметіне талдамалы және синтетикалық есеп жүргізу.