Негізгі бет
Жаңалықтар
12.04.2022 Мектеп оқулықтары мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел
2022 жылдың 11 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Алматыдағы Орыс үйімен және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық клубымен бірлесіп «Орыс тілі мен әдебиеті бойынша заманауи оқулық - мектептегі сапалы білім көзі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуде 115 қатысушының арасында Ресей және Қазақстанның түрлі қалалары мен ауылдарының мұғалімдері, әдіскерлер мен жоғары оқу орындарының педагогтері, орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарының авторлары болды.
Баяндамашылардың хабарламалары мектеп оқулықтарының құрылымына, мазмұнына, әдістемелік аппаратына арналды. Оқулық авторлары өздерінің әдістемелік тәсілдеріне түсініктеме беріп, мұғалімдерге электрондық оқулықтармен жұмыс істеудің түрлі мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Екі сағаттық кездесу жұмысын аяқтай отырып, кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева мұғалімдерден келіп түскен ұсыныспен бөлісті: олар Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Қазақстан Республикасының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қажет екендігін атап өтті.
|