қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2020

Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар


2020 жылдың 9 сәуірінде «Ғылым онкүндігі-2020» аясында Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен ресейлік әріптестердің қатысуымен Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар өтті. Ғылыми-әдістемелік вебинардың тақырыбы - Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері.


Вебинарға бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Білімді ақпараттандыру департаментінің директоры Бахытжан Ахметов, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және спорт технологиялары институтының директоры Александр Страдзе, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессорлары Сергей Суматохин, Ольга Шульгина (Ресей), Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Қаймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Калампыр Жұмагулова, кафедра меңгерушілері: Мұрат Жақсыбаев, Жазира Мұқатаева, институттың профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттар.


Халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар жұмысы Мақтағали Бектемесовтың құттықтау сөзімен ашылды. Вебинарда баяндама жасағандар: п.ғ.д., профессор Сергей Суматохин, т.ғ.д., профессор Ольга Шульгина, п.ғ.к., доцент Шолпан Карбаева, химия мамандығының 2 курс PhD докторанты Юсуп Ногоев. Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері тақырыбында жүйеленген ғылыми - әдістемелік мәселелер көтерілді. Вебинар жұмысын институт директоры Күләш Каймулдинова қорытындылады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу