қазақша · русский · english
 
 
 
26.04.2021

«Химия көктемі» мерекелік іс-шара

 

2021 жылғы 23 сәуірде Жаратылыстану және география институтында Ғылым айы аясында «Химия көктемі» мерекелік іс-шара өтті.

Ұйымдастырушылар - «Химия» білім бағдарламаларының эдвайзерлері, аға оқытушылар Жанар Жақсибаева, Меруерт Оразбаева, Жанар Қорғанбаева, педагогика ғылымдарының магистрі Әсия Бейсекова және «6В01510-Химия», «6В01512-Химия-биология» мамандығының 1-ші урс студенттері.

 

Кеш барысында 1 курс студенттері би билеп, ән айтып, күй тартты. Көрермендермен интеллектуалды ойындар ойнатып, қызықты химиялық эксперименттер көрсетті. Онлайн жағдайында білім алып жүрген студенттердің күнделікті өмір тіршілігінен үзінді видео-роликтер көрсетті.

 

Іс-шара барысында «Химия» білім бағдарламаларының жетекшісі Дина Каражанова, тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Нұрлан Манапов, профессор Гүлжәмила Мейірова студенттерге жылы лебіздерін айтып, қызықты кеш үшін ризашылықтарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу