қазақша · русский · english
 
 
 
03.06.2022

Ғылыми ақпараттық базалармен жұмыс істеуді үйрену


Өндірістік практика бойынша 2 курс «Химия» мамандығының қазақ және орыс топтары Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында орналасқан Қазақ-Британ техникалық университетінің ақпараттық электрондық кітапханасында әр түрлі ақпарттық базалармен жұмыс істеуді үйреніп, ғылыми ақпарат іздестіру жолдарымен танысты. Атап айтқанда Web of Science, Scopus базаларында ғылыми мақала іздеу, журналдарды қарастыру, Wiley Online Library платформасы, Springer Link ақпараттық ресурсы, ғылыми және академиялық зерттеулердің тегін іздестіру жүйелері Google Scholar (Академия Google), Science Direct, https://sci-hub.se/- (sci-hub) сайты арқылы ақылы ғылыми мақалаларды тегін жүктеп алу әдістерімен, Clarivate Analytics компаниясының EndNote - дәйексөздер мен библиографияларды басқару, дәйексөз стандарттарына сәйкес пішімдеуге мүмкіндік беретін коммерциялық библиографиялық ақпаратты басқару жүйесімен, авторефераттармен диссертациялардың ғылыми электрондық кітапханасы disserCat, патенттер базасы Espacenet, USPTO, Патентоскоп (ВОИС) және Қазақстандық «База патентов Казахстана» жүйелерімен жұмыс істеуді үйреніп, ғылыми мақалалар мен ақпараттарды іздестіру, оларды жүктеп алу, талдау әдістерімен танысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу