қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2022

Шақырылған шетелдік лекторлар студенттерге дәріс өткізді


2022 жылдың 1-5 қараша күндері аралығында Жаратылыстану және география институтында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары студенттерге арнап шолу дәрістерін оқып, шеберлік сыныптарын өткізді.

 

Дәріскерлер: биология ғылымдарының докторы, профессор Шахмурова Гүлнар; PhD, оқытушы Тутушкина Нина; аға оқытушы Аманов Равшан; Сафарова Насиба.

 

Профессор-оқытушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Химия және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Аманов Равшан «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенттеріне «Газ заңдары», «Химиялық кинетика», «Тотығу-тотықсыздану реакциялары», «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыптарында дәріс оқыды.

 

Шетелдік лекторлардың терең мазмұнды, қызықты деректерге толы дәрістері білім алушылардың қызығушылығын арттырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу