қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2022

Дуалді оқыту элементтерін жүзеге асыру


2022 жылдың 2 қараша күні Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының «6В05301-Химия» ғылыми бағытында білім алатын 2 курс қазақ, орыс тобының студенттері дуальді оқыту элементтерін жүзеге асыру, болашақ химик мамандардың тәжірибелік дайындығын арттыру және университет пен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында оқытушылар Қожагулова Жанар, Нурахметова Айгуль, Дюсембаева Гульнур, Узакова Асемнің жетекшілігімен зертханалық жұмыстарды жасауға ЖШС «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына барды.

 

Бірінші кезекте кәсіпорын басшысы Ахметсадықов Нұрланмен танысты. Ол ғылыми-өндірістік кәсіпорынның ашылған күнінен бастап қол жеткен жетістіктері мен нәтижелері жайлы ақпараттар берді. Студенттер «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының осы күнге дейін шығарып келе жатқан өнімдерімен танысты.


Жалпы, кәсіпорын 1998 жылы құрылған. Кәсіпорынның негізгі мақсаты - дәрі өндіру, ғылыми биологиялық, химиялық өнімдерді өндіру. Кәсіпорын халықаралық стандарт талаптарына сай заманауи технологиялармен жабдықталған.

 

Студенттер жаңа технологиялар мен физика-химиялық зерттеу әдістерінде қолданылатын аппараттар, аспаптар мен құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен танысты. Практикалық түрде сүттің құрамында қандай мөлшерде су, ақуыз, май болатындығын анықтады және балдың құрамын зерттеуге арналған құрал-жабдықпен танысып, онымен жұмыс жасады.


Студенттер алған әсерлерімен бөлісті, олар қызықты эксперимент болғанын жеткізді. Алдағы уақытта осындай сапарлар көп болады деп сенеміз.

 

 alt=  

 

  alt=  

 

  

 

 




Кері оралу