қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2023

«Елдіктің тірегі- Тәуелсіздік» мерекелік іс-шарасы


2023 жылдың 14 желтоқсанында университетіміздің 95 жылдық мерекесі аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай Жаратылыстану және география институтында «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс, 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Елдіктің тірегі-Тәуелсіздік» мерекелік іс-шара өтті. Ұйымдастырушы - химия кафедрасының оқытушысы Маржан Ахтаева.

 

Тәуелсіздік құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталған мерекелік шарада «Байлауы бекем бес ғасыр» термесі айтылды, «Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» атты тарихи қойылым қойылды, «Мен қазақпын» патриоттық биі және 80 студенттен құралған топтың «Атамекен» хоры орындалды.

 

Мағыналы композициялық қойылымдар мен шырқалған әндер көрермен көңілінен шығып, тереңнен ой сала білді. Айтулы іс-шараға химия кафедрасының ардагер ұстаздары қатысып, өздерінің ойларымен, ақыл кеңестерімен бөлісті, жастарға баталарын берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу