«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
02.10.2024
Рединг университетіндегі (Ұлыбритания) ғылыми тағылымдама
Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің оқытушысы Жақсибаева Жанар «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасы бойынша Ұлыбритания мемлекетінің Рединг университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
«500 ғалым» жобасы аясындағы тағылымдамасы ғалымдарға шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда зерттеу жүргізуге және кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Рединг университеті 1892 жылы құрылған. Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттерінің бірі. Рединг университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, өмір және жер туралы ғылымдар, бизнес салаларында сапалы оқытумен және ғылыми зерттеулерімен танымал. Университет әртүрлі ұлттық және халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие.
Бағдарлама жоспарына сәйкес тағылымдамадан өту кезеңінде келесі міндеттер жүзеге асырылды: білім берудегі менеджменттің тиімді әдістері, педагогикалық инновациялар мен технологиялар бойынша университеттің жетекші мамандарының курстары, тренингтері мен шеберлік дәрістері тыңдалды. Жалпы Қазақстанның әртүрлі университеттерінен келген оқытушылар мен зерттеушілер Рединг университетінде білім алып, тәжірибе алмасуда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|