қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2024

Диссертациялық Кеңес жанындағы ғылыми семинар


2024 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасында «8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» (6D011200/8D01510 - Химия) және «8D053 - Физикалық және химиялық» (6D060600/8D05301- Химия) бағыттары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңес жанындағы ғылыми семинарда, Наурзкулова Сымбат Муратбекқызының «6D060600-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Этанолдың булы айналымы үшін күрделі оксидтерге негізделген Ni-Ru құрамды композиттердің синтезі мен қасиеттері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланды.

 

Диссертациялық Кеңес жанындағы ғылыми семинар онлайн және оффлайн форматта өткізілді. Диссертация М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде орындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

Масалимова Б.К. - х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (КЕ АҚ «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті», Петропавл, Қазақстан);

Садыков В.А. - х.ғ.д., профессор ( Г.К. Боресков атындағы Катализ институты, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу