
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
26.11.2025
Химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың 80-ші ғылыми конференциясы ұйымдастырылды 2025 жылдың 24–25 қарашасында Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 80-ші ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау, олардың өзекті зерттеу нәтижелерін көпшілікке таныстыру және ғылыми мәдениетті одан әрі дамыту. Іс-шара бірнеше секция бойынша жүргізілді. Қатысушылар химия, педагогика, жаратылыстану ғылымдары және білім берудегі инновациялар бағыттарында ғылыми баяндамалар жасап, заманауи ғылым мен білім берудің көкейкесті мәселелерін талқылады. Ұсынылған ғылыми жобалар мазмұнының өзектілігімен, инновациялық идеяларымен және әдістемелік шешімдерімен ерекшеленді.
Секция төрағалары мен сараптамалық комиссия мүшелері қатысушылардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, үздік жұмыстарды анықтады. Конференция шеңберінде жас ғалымдар зерттеу нәтижелерін ұсынумен қатар, пікір алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және ғылыми ізденістердің бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Іс-шара студенттер мен магистранттардың ғылыми әлеуетін дамытуға, академиялық мәдениетті нығайтуға және университеттің ғылыми-инновациялық дамуына елеулі үлес қосты. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан барлық студенттерге, магистранттарға, ғылыми жетекшілер мен оқытушыларға шынайы алғыс білдіреміз.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|