
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
02.12.2025
«Болашақ кәсібің – бүгінгі қадамың» атты іс-шара ұйымдастырылды
2025 жылдың 2 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану және география факультетінде мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағыт-бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға кафедра филиалының Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ ауылындағы №39 жалпы білім беретін орта мектебінің 84 оқушысы және 4 мұғалімі қатысты. Кездесуді факультеттің кәсіби бағыт-бағдар беруге жауапты оқытушылары Омаров Қайрат, Жаксибаева Жанар, Құлжанова Дина, Сарсекова Клара ұйымдастырды. Кәсіби бағдарлау жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына факультеттегі мамандықтар жөнінде жан-жақты ақпарат беру, оқу үдерісімен, зертханалық жабдықтармен және ғылыми-зерттеу бағыттарымен таныстыру. Мектеп оқушыларына факультет бойынша танымдық экскурсия жүргізіліп, география кафедрасы, химия және биология лабораториялары таныстырылды. География кафедрасында білім алушылар факультеттің білім беру бағдарламалары мен болашақта табысты маман болуға қажетті дағдылар жөнінде ақпаратпен танысты. Биология кафедрасы өздерінің зертханалық мүмкіндіктерін таныстырып, болашақ маман иелеріне бағыт-бағдар берді. Оқушылар құрал-жабдықтармен, оқу аудиторияларымен және зертханалық жұмыстардың ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара барысында химия мамандығының студенттері түрлі қызықты химиялық эксперименттер көрсетіп, оқушыларға ғылымның тәжірибелік қырын таныстырды. Оқушылар ғылыми тәжірибелерді өз көздерімен көріп, мамандардың кәсіби қызметі туралы мағлұмат алды. Іс-шара соңында мектеп оқушылары университеттің Абай музейіне барды. Кездесу оқушылардың жоғары оқу орны туралы түсініктерін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ықпал етті. Кәсіби бағдар беру іс-шарасы оқушылардың ғылыми салаға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға қосымша мотивация берді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|